ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ (Жастар тілегі)

5 Қаңтар 2018

Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самалеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!

Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келді!

Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнің тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!

Тыңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш боғым келеді!

Жат жерлерге қонбаған,
Жатқа көңілі толмаған,
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған
Ұшқыш болғым келеді!
Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!

Ар, намысн ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған,
Туған елің – ұясын
Жан- тңнімен сақтаған
Ұшқыш болғы келді!

Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайысып,
Жастарға ісім өнеге,
Ұшқыш болғым келеді!


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика