ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

22 Қараша 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Ерекше Жолдау болды, баспасөз арқылы жасалған бұл бағдарламалық құжаттың мазмұны да жылдағыдан қысқа әрі нұсқа болып отыр. Елбасының жолдауында Қазақстан үшін басымдыққа ие мақсаттар мен міндеттер алғаш рет қысқа мерзімге белгіленіп отыр. Бұл ретте әрине, Мемлекет басшысы еліміздің 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиістігін тағы бір еске салды. Осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілеу қажеттігін, жалпы ел болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететіне кезекті рет үндеді.

Жаңа жолдауда әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция басталғанына айрықша маңыз беріліп отыр. Елбасының айтуынша, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бұл Қазақстанды Үшінші жаңғырту, яғни, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетін алға қояды.

«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған» деген Нұрсұлтан Әбішұлы оларды жіктеп берді.

Елбасымыздың үндеуінде айтылған өзгерістерге келетін болсақ, біріншдін, бұл еліміздегі демократиялық процестің ары қарай жалғасын тапқандығын көрсетеді. Бұл реформалардың халықтық талқыға салынуы негізінен биліктің ашықтық принципін, әрбір бастаманы халықпен бірлесіп талқылауға дайындығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл талқылау азаматтық қоғамның қатысуын да қажет етеді. Яғни әрбір топ бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығын көрсетеді. Мұндай өзгерістер дүние жүзінде өріс алды және біздің елді де қамтыды. Осыған сәйкес отанымыз дәстүрлі қоғамнан гуманистік қоғамға қарай бет бұрды. Бұндай ерекшелік үндеуде баса айтылды.

Жолдаудың тағы бір басымдығы – ол институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екенін назарға алды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов

атындағы Қарағанды академиясының

аға оқытушысы Э.Ғ. Шуматов

оқытушы Құлынтай Монай


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика