Үш қызды қағып кеткен жігіттің анасы мәлімдеме жасады

26 февраля 2018

Сотталған жүргізуші Болат Молдағалиевтің туыстары мәлімдеме жасап, жазаны жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 


Естеріңізге салып өтсек, 2017 жылдың 12 қарашасында «Керуен» СОСО аумағындағы көлік тұрағында Infinity жүргізушісі Болат Молдағалиев үш қызды қағып кеткен болатын. Екеуі жеңіл-желпі жарақат алғанымен, 24 жастағы Әсел Рымханова ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, бір аптадан соң ғана есін жиған. Таяуда Есіл аудандық сотында жүргізушіге үкім шықты. 58-баптың 2-тармағына сәйкес сотталушыға түпкілікті жаза бір жылға бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді. Сот Молдағалиевті көлік айдау құқығынан үш жылға айырды. 

Бүгін сотталған азаматтың туыстары арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасады. 

«Болаттың отбасы Әсел Рымхановаға көмектесу үшін барын салды. Бұл әдейі жасалған жоқ. Оның үстіне мен Болаттың 12 жасында шатырдан құлап, ауыр жарақат алғанын білемін.  Мұны да назарға алу керек. Тәтесі КамАЗ-дың астына түсіп жол апатынан қаза тапқан еді. Сол кезде Болаттың отбасы ол жүргізушіден ештеңе талап еткен жоқ және оны жазалауға да тырыспады. Өйткені олар оның үлкен отбасы барын білді… Болат кінәсін мойындады, қиналып жүр. Айыппұл немесе басқа жолмен жазалауға болар еді, бірақ аталған жағдайда түрме бұл іске көмек емес», — деді ҚР Көркемөнер академиясының президенті Амандос Ақанаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Жүргізушінің анасы Мария Молдағалиеваның айтуынша, қоғамда Болат жайында біржақты теріс пікір қалыптасқан.

«Иә, менің ұлым кінәлі және оны мойындап отыр. Біз Рымхановтар отбасына көмегімізді ұсындық, бірақ олар бізбен кездескісі де келген жоқ. Рымханованың туыстары қолдарынан келгендерін аянып қалмады, анықтау бөлімінде берген жауабымды да бұрмалап таратып жіберді», — деді Молдағалиева. 

Оның айтуынша, анықтау бөлімінде оған, неге екені белгісіз, зардап шеккен қыздың туыстарының лауазымдарын айта бастаған.

«Маған Әселдің ағасы бұрынғы «финполшы» екенін айтты. Мұның іске не қатысы бар екенін сұрадым. Сауда-өнеркәсіп палатасында атқарған қызметіме қатысты сұрай бастады. Мен ол кезде вице-президент болған едім. «ҚазЭКСПО»-ның президентімін, бірақ мұның іске еш қатысы жоқ, бұл жекеменшік компания. Болатты «Үсенов-2″ дейді, бірақ біз шенеунік емеспіз, жоғары мемлекеттік қызметте емеспіз», — дейді анасы. 

Молдағалиева ұлының ұстамасы (эпилепсия) 2000 жылдардың басында байқалғанын айтты. 

«Ұстамасы бар адамның неге көлік айдағаны бәріне қызық. Ұлымның ұстамасы бірден байқалған жоқ, 2000 жылдардың бас кезінде басталды. 2004 жылы Алматыда жер сілкінісі болған еді, ол кезде олар Қапшағайда суға түсіп жүрген. Сол уақытта алғаш рет ұстамасы ұстады. Кейін ол Алматыдағы эпилептология және неврология орталығына есепке тұрып, ем ала бастадды. Эпилепсия 24 сағат бойы мазалайтын ауру емес, оның қашан болатынын ешкім білмейді. Екі жылда, бес немесе он жылда қайталануы мүмкін. Алматыда тұрғанда ұлымның ұстамасы жиі ұстап қалатын. Кейін эпилепорталықтың дәрігерлері оған Алматыдан кетуге кеңес берді. Өйткені Алматы таулы, сейсмикалық аймақ. Сөйтіп Болат 2011 жылы Астанаға қоныс аударды», — деді ол. 

Айтуынша, ұлы жүргізуші куәлігін 2000 жылы алған. Ал ұстамасы алғаш рет 2004 жылы ұстап қалды. 

«Кейін куәліктің мерзімі аяқталғанда, оны ауыстырып жүрді. Барлық тексерістен жақсы өтетін. Эпилепсия психикалық, кардиологиялық ауру емес, бір рет ұстамасы ұстаса, кейін қашан қайталанатынын болжау қиын. Бірақ менің ұлым бар жауапкершілікті өз мойнына алып отыр», — деді ол.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика