Үш айда 1000-ға жуық оқушы жүкті болып қалды

9 Қараша 2017

Соңғы үш айда облыста кәмелет жасқа толмай жатып жүкті болғандар саны 1000-ға жуықтаған. Босаға аттамай тұрып, құрсақ көтергендердің жартысына жуығының ана атануға мүмкіндігі аз дейді дәрегерлер. Ақ халаттылардың мұндай шешімге келуіне қыздардың физиялогиялық әлсіздігі себеп болған. Ерте жүктіліктің зардабын айтып дабыл қаққан мамандар енді қыздардың ізінен қуып кеңес беруге көшкен.

Салауатты өмір салты орталығының мамандары оқу орындарында білім алып жатқан қыздарға мамандық кеңестерін айтудан аянбайтын болған. Себебі, жасы он сегізге толмай тұрып төсек ләззатын сезінгісі келетіндер көбейіпті. Мәселен, аймақта соңғы үш айда 917 қыздың аяғы ауырлаған. Ал, олардың 45 пайызының бала тууға денаулығы жарамсыз. Мәселеге алаңдаған ақ халаттылар студент қыздар арасында ерте жүктіліктің зиянды екенін түсіндіруде.

Мамандар жоспарсыз жүктіліктің қаншалықты зиян екенін ескертеді. Оның арты қоғамда баланы көшеге тастау, түсік жасау сияқты сәтсіз оқиғаларға алып келеді. Тіпті алғашқы жүкітілікте түсік жасатқандардың 95 пайызы бедеу болу қаупі бар. Осы сияқты ақпараттар мен гинекологтар кеңесі студенттерге өмірлік сабақ болды.

Мамандар ерте жүктіліктің зардаптары туралы жиынды барлық оқу орындарында өткізбек. Себебі, ерте жүктіліктен көш бастап тұрған өңірдің қыздарына ақ халаттылар тегін кеңес беруді жиілете түспек.

Ардақ Берден

ТВК арнасы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика