Ұрыларды қорғаштаған полицей сотталды

1 мая 2017

Ақтөбе қаласында мұнай ұрлаушыларды «қамқорлыққа» алған полицейлер сотталды. Сот үкімі шыққанға дейін, айыпталушы Әділжан Елеусізов бір жыл тергеу изоляторында отырған, — деп хабарлайды Qasym.kz

Мұнай

Іс материалдарында, қаскөйлердің мұнайды Ақтөбе облысына қарасты Темір кен орнынан ұрлап келгендері көрсетілген. Артынша ұрланған мұнайға жалған құжат дайындап, отын ретінде саудаға салып отырған. Ал жергілікті полицей олардың ісіне көзжұма қарап келіпті. Ол бірде ұрланған мұнай құйылған көлікті тоқтатады. Сол жерде қылмыскерлердің бірі оған пара береді. Өз кезегінде полиция қызметкері оларды босатып жіберген. 

Дәніккен полицей ұрылардан тұрақты түрде ақша алып тұруға көшеді. Тіпті бұл іске «Арлан» арнайы жасағының командирінің орынбасарында тартады. 

«Қасым-ақпарат»

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика