Үндістер тұрағы (әңгіме)

27 Шілде 2018

main_551908_originalКөл жағаcына бөтен қайық байланған, жанында күтіп екі үндіс тұр.
Ник әкесі екеуі қайықтың артқы жағына барып отырды, үндістер қайықты суға итеріп, біреуі есе бастады. Джордж ағай басқа қайықтың артына барып жайғасты. Жасырақ үндіс болса қайықты суға итеріп, олда есе бастады.
Қараңғыда екі қайықта жағадан жүзіп кетті. Никке алдарында жүзіп бара жатқан қайықтың суды ескен сықыры алыстан, тұман ішінен естілді. Үндістер қайықты қысқа, бірақ тез есті. Ник әкесіне басын қисайтып еді, ол ұлын құшақтап, бауырына қысты. Көл салқын болатын. Үндістер бар күштерін салып ескенмен екінші қайық тұман ішінде оларға жеткізбеді.
Папа, біз қайда бара жатырмыз? –деп сұрады Ник.
Арғы бетке, үндістер тұрағына. Ол жерде үндіс әйелі қатты ауырып жатыр.
А…. – деді Ник.
Олар жеткенде алдарында ескен қайық жағалауда, ал Джордж ағай болса қараңғыда шылымын түтіндетіп тұрды. Жас үндіс олардың қайығын құм жағалауға сүйреп шықты. Джордж ағай екі үндіске сигарасынан ұсынды.
Олар жағалаудан шалғын шөп арасынан өтті, таңғы шыққа суланып, далаға шықты, жасырақ үндіс қолында ұстаған шамымен жарық етіп алда жүрді. Одан соң орманға кіріп, соқпақ ізбен алыс дөңге апаратын жолға бет алды.
Жол жарық болатын, өйткені екі жақтан ағаштар кесіліп тасталған. Жас үндіс тоқтап қолындағы шамын сөндірді, әрменқарай жолмен алға тартты.
Бұрылыста олардың алдынан иттер үріп шықты, артынан ағаш қабығын терушілер – үндістердің лашықтары көрінді. Оларға тағы бірнеше ит арсылдап ұмтылды. Үндістер иттерді лашықтарға қуып жіберді.
Жақын орналасқан лашықтан жарық көрінді. Есік алдында шам ұстап кемпір тұр. Ішінде ағаш сәкіде үндіс әйелі үш тәулік бойы туа алмай қиналып жатыр. Үндістер тұрағының кемпірлері оның маңында жиналып қалған. Ерлері алысырақ жерде тұр, олар әйелдің даусы естілмейтін жол үстінде шылым шегуде. Баракқа екі үндіспен бірге әкесі және Джордж ағайына ілесіп Ник кірген бойда әйел тағыда айқайлап жіберді. Әйелдің көрпе астынан екі қабат іші төмпешікке айналып, төменде жатыр. Басы іргеге бұрылған. Үстіңгі сәкіде күйеуі. Ол үш күн бұрын ыңғайсызда балтамен аяғын жаралап алды. Трубкасын сорып, темекі тартып жатты. Лашық сасып тұр.
Никтің әкесі ошаққа су қайнатуды тапсырып, қайнағанша Никпен сөйлесті.
– Ник, көріп тұрсыңба, бұл әйел тууы керек.
– Мен білемін, – деп Ник болмады.
– Сен ештеңеде білмейсің. – Тыңда, қазір әйел толғатып жатыр, бала сыртқа шыққысы, әйел босанғысы келеді. Әйел барлық күшімен баланың шығуына көмектесуі керек, сол үшін ол күштеніп айқайлайды.
– Түсінемін, – дейді Ник.
Осы кезде әйел тағы да айқайлады.
– Папа, айқайламас үшін бірдеңе бере алмайсың ба?
– Менде қазір ауыртқызбайтын дәрі жоқ, мен үшін оның айқайы маңызды емес, бәрібір мен оны естімеймін.
Лашық ішінде үстіңгі сәкіде жатқан күйеуі ыңырсып іргеге бұрылды. Кухнядағы басқа әйел болса дәрігерге судың қайнағанын айтты. Никтің әкесі кухняға кіріп үлкен қазанда қайнаған судың жартсын ыдысқа құйып алды, өзімен бірге қол орамалына орап алып келген құралдарды қазанға салды.
– Мыналар қайнасын, – деп, ол қолын ыдысқа салып, лагерден өзімен алып келген сабынымен қолын ысқылай бастады.
Ник әкесінің сабынмен қолдарын кезекпе кезек ысқылап жуғанын мұқият қарап тұрды. Қолын жуып тұрып, әкесі Никпен сөйлесті.
– Ник, бала шығар алдында бірінші басымен шығуы керек, кейде бұлай бола бермейді. Бұлай болмаған жағдайда көп қиыншылық туғызады. Мұндайда операция жасаудың қажетіде болуы мүмкін. Қазір көрерміз.
Ол қолының таза болғанына көз жеткізген соң, қайтадан бөлмеге кіріп жұмысына кірісті.
– Джордж, көрпені қайыршы, – мен көрпеге тимейін.
Артынан операция басталғанда әйелді Джордж ағай мен үш үндіс ұстап тұрды. Әйел Джордж ағайдың қолынан тістепте алды, ол: «Ах, қаншықтың қызы!» деп айқайлап жіберді, оны алып келген жас үндіс оған күліп қарады. Ник болса ыдысты ұстап тұрды. Бұның бәрі ұзаққа созылды.
Никтің әкесі баланы қағып алып, ауа жұтып, тыныс алуы үшін салып жіберді, содан соң кемпірге берді.
– Қара Ник, ұл бала. Қалай менің ассистентім болған саған ұнай ма?
– Болады, – деді Ник. Ол әкесінің істеп жатқанын көрмес үшін басқа жаққа қарап тұрды.
– Сонымен бәрін болдық, – деп әкесі бірдеңелерді ыдысқа лақтырды.
Ник болса жалт бұрылып қарады.
– Енді тігу қалды, – деді әкесі. – Ник қарауыңа болады, қарағың келмесе өзің біл. Мен қазір кесілген жерді тіге бастаймын.
Ник әкесінің қалай тігіп жатқанына қарамады, оның бұрынғы көрсем деген құмарлығы жоғалған болатын.
Әкесі тігіп болып, еңсесін көтерді. Джордж ағасы мен үндістер орындарынан көтерілді. Ник ыдысты кухняға апарды.
Джордж ағай өзінің қолдарына қарады. Жас үндіс оған қарап тағы күлді.
Джордж, кел бермен, қолыңды қышқыл сумен жуайын, – деді дәрігер.
Ол еңкейіп әйелге қарады. Ол үнсіз, көзін жұмып, нашар жатты. Әйел баласына не болғанын, айналада не болып жатқанын әлі түсіне қойған жоқ.
– Мен ертең келемін, – деді дәрігер – ал Сент- Игнестен келетін күтуші әйел мында түске дейін болады, керектілерді өзімен бірге алып келеді.
Сәтті ойыннан кейінгі футболшы қуанышындай оның көңілі көтеріліп, көп сөйледі.
– Міне оқиға, Джордж, бұл туралы медициналық журналға жазуға болады деп ойлаймын, жиналмалы пышақпен іштен баланы кесіп алып, кесікті тоғызфуттық қақталған жіппен тігу дегенің оқиға емес пе?
Джордж ағай іргеге сүйеніп, қолдарын қарап тұрды.
– Сен әйгілі хирургсің, – деді ол.
– Бақытты әкесін бір көрейікші. Отбасындағы шағын машақат ол байғұсқа оңай түспеді, – Шынын айтсам, ол төзімді екен.
Әкесі үндістің басынан көрпесін көтеріп тастады. Қолы дымқылға тиді. Ол төменгі сәкіге аяғын тіреп, шамын жоғары көтеріп үстіңгі сәкіге көз жіберді. Үндіс іргеге тіреліп жатты. Оның мойны құлағына дейін кесіліп, дене салмағымен сәкінің майысқан жерінде қан жиналып шалшыққа айналған. Оның басы сол қолына қисайған, ашық ұстара көтеріңкі қырымен көрпе үстінде жатты.
– Джордж, Никті алып кет, – деп айқайлап жіберді дәрігер.
Бірақ кеш болатын Ник бәрін көріп тұрды. Ник кухня есігінен үндіс жатқан жоғары сәкіні, әкесінің шамды ұстап тұрып үндістің басын қолымен бұрғанын көрді, әкесінің оның көрмесін деген ишаратында жақсы түсінді.
Олар көлге кері қайтып келе жатқанда күн шыға бастады.
– Ник, өзіммен бірге сені алып шыққанымды ешқашанда кешірмеймін…. Оның осыдан бұрынғы көңіл күйі түсіп:
– Осылай болады деп кім ойлаған,- деп аяқтады.
– Әйелдер бала тапқанда осылай үнемі қинала ма? – деп сұрады Ник.
– Жоқ. Бұл мүлдем ерекше жағдай.
– Папа, неге ол өзін өлтірді?
– Ник, білмеймін. Шыдай алмаған шығар.
– Еркектер өздерін жиі өлтіре ме?
– Жоқ, Ник. Жиі емес.
– Ал әйелдер?
– Оданда жиі.
– Ешқашанда?
– Кейде болып қалады.
– Папа!
– Иә?
– Джордж ағай қайда кетті?
– Ол қазір келеді.
– Папа, өлу қиын ба?
– Жоқ. Ник, қиын емес. Жағдайға байланысты.
Олар қайық үстінде отырды. Ник – артында, әкесі – ескекте. Күн дөң астынан шыға бастады. Балықтар суда секіріп, суда өрістер толқи бастады. Ник қолын суға салды. Тәңертеңгілік салқында су жылы еді.
Көл үстіндегі тәңертегілік осы сәтте қайықты есіп отырған әкесінің қасында Ник өзінің ешқашанда өлмейтініне әбден сенімді еді.

Эрнест Хемингуэй
1925 жыл.
Орыс тілінен аударған Салауат Кәрім


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика