Ұлттық зиялы қауымға үндеу

1 Шілде 2018

Құрметті зиялы қауым өкілдері!
1991 жылы біздің халқымыздың тағдырында айрықша жағдай орын алды, біз тәуелсіздігімізді алдық. Біз үшін тәуелсіздіктің мәні зор, оның құндылығын бағалау мүмкін емес. Тәуелсіздігімізге жету еліміздің халқының тағдырын түбегейлі өзгертті. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық демократиялық мемлекет құруға мүмкіншілік алдық, халқымызға лайықты өмір құруға жол аштық. Осы тәуелсіздігіміздің арқасында біз өзіміздің тағдырымыз бен өмірімізге иелік ете аламыз. Тәуелсіздік біздің халқымыздың тарихында мәңгілік қалатынына күмәніміз жоқ. Тәуелсіздігіміз біздің құндылықтарымыздың, тіліміздің, ар-намыс, қадыр-қасиетіміздің қайта өркендеуіне мүмкіндік туғызды. Тәуелсіздік ұлттық сана – сезімді, жаңа демократиялық қоғам құруға жағдай туғызды. Тәуелсіздік біздің мемлекетіміздің тарихы мен тағдырын түбегейлі өзгертті, жаңа тарихи жол ашты.
Өз кезегінде бұл жаңа тарихи жағдайлар демократиялық, егеменді, әлеуметтік, ұлттық халқымыздың талабына сай мемлекет құруға алып келді. Біз халықаралық қауымдастықта мойындалған мемлекет болдық, өз байрағымыз, әнұранымыз, елтаңбамыз бар. Алдағы біздің басты міндетіміз тұрақты түрде дамып, күшейіп отыратын мемлекет жасау, өйткені біз ұрпағымызға өркениетті Қазақстан қалдыруымыз керек. Біздің егеменді мемлекетіміздің күшейіп өркендеуіне біздің зиялы қауым өкілдері де бар күштерін салу керек. Біздің қоғамымызда зиялы қауымның рөлі өте жоғары, ол өйткені ойлауышы және қозғаушы күш. Зиялы қауым – бұл халқымыздың ар-ұяты. Зиялы қауым меніңше, біздің елімізді даму және өркениет жолына алып келетін күш. Мемлекет тәуелсіздігі бұл өте үлкен жауапкершілік, біздің еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, ал еліміздің болашағы жастарымыздың қолында, осыны біздің зиялы қауым өте жақсы түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан біздің зиялы қауым өздерінің шығармаларында патриоттық құндылықтарды насихаттап, оларды жастарға бағыттап үлгі бола білу керек. Біздің ақын – жазушыларымыздың шығармаларында, режиссерларымыздың бейнеленталарында отанға деген сүйіспеншілік, отаншылдық, патриотизм ең алдында түруы керек. Біздің драматург ақын – жазушыларымыздың шығармалары жастарымызды елімізге деген сүйіспеншілікке, еліміздің азаттығына, Отанға деген шексіз махаббатқа, еліміздің құндылықтарына, тілімізге құрметке, Қазақстан тәуелсіз мемлекетіне адал еңбек етуге тәрбиелеу керек деп білемін. Тек қана ақылды, сауатты, өркениетті жастар ғана еліміздің лайықты болашағын қамтамасыз ете алады, сондықтан біздің ең алғашқы міндетіміз осындай жастарды тәрбиелеу болып табылады.
Терең ойлайтын, патриоттық сезімі мол жастарды тәрбиелеу мақсатында біздің зиялы қауым Отан сүйгіштік, отаншылдық бағытта шығармалар жазып, жастарымызды білімге, кітәп оқуға, ұлы ата – бабаларымыз Абай, Шәкәрім, Ілияс, Махамбет, Мыржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бауыржан Момышұлы тағы басқа да бабаларымыздың шығармаларын сүйіспеншілікпен оқуға бағыттап, тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Менің ойымша, зиялы қауым өкілдеріне тек қана ақын – жазушылар емес, оларға ғалымдар мен ұстаздарда жатады, отан сүйгіштік, ақылды, сауатты, жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелеу осы ұстаздардың мойнына жүктелген үлкен міндет. Біздің ұстаздарымыз оқу үдерісін жақсы ұйымдарстырып, оқу тәрбиелік жұмыстары жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ана тілімізді құрметтеуге, еңбекке, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге бағыттап тәрбиелеу керек деп есептеймін. Бұл бағытта қазақтың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыздың өмір жолынан көре аламыз, ол өз мысалымен қазақ ұстазы және зиялы қауым өкілі қандай болуы керектігін көрсетеді.
Қазіргі жоғары технологиялар әлемінде сапалы білімсіз бір де бір жетістікке жету өте қиын, бұл жерде педагогтардың рөлі өте маңызды, сондықтан біздің ұстаздарымызға оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, жан – жақтылығын арттыру арқылы білім сапасын жоғарлату керек. Осы жағдайда ғана біз білімді отанға деген сүйіспеншілігі мол, ақылды жас ұрпақты тәрбиелей аламыз.
Қазіргі әлемде жетістікке жетудің тағы бір жолы инновация мен ғылым жолы. Бұл салада, менің ойымша зиялы қауымдарға жататын ғалымдардың рөлі өте маңызды болып табылады. Отандық ғалымдар зерттемелерімен, өнертабыстарымен, ғылыми жаңалықтарымен елімізде жаңа шетелде бәсекелестікке төтеп беретін отандық өніріске көмектесу керек. Ғалымдар қоғамдық ғылымдарды зерттей отырып, жаңа идеяларымен, негіз бола алатын зерделенген ұсыныстарымен еліміздің әрі қарай дамып өркендеуіне көмектесуі керек деп білемін. Мен мысалы экономист ретінде индустрия мен инновация арқылы ұлттық экономикамызды дамытуды ұсындым, ұлттық төлем жүйесін жасау керек туралы айттым, ауыл шаруашылығымызды дамыту жолын көрсеттім, егеменді қаржы саясатты жүргізу керек туралы жаздым, отандық әскери-өнеркәсіп кешенді дамыту керек екенін айттым, протекционисттік саясат жүргізу керек туралы айттым, отандық көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту керек туралы айттым, шикізат өндіруші ірі кәсіпорындарды ұлттандыру керек туралы айттым, индикативтік жоспарлау жүйесін еңгізу керек тіралы жаздым бұл Оңтүстік Корея мен Жапонияның тәжірібесінен алынған нәрселер, бірақ осының бәрін жүзеге асыру үшін білім керек. Өкінішке орай мен айтқан ұсыныстарымды жүзеге асыру менің құзырымда емес.
Неге мен өз ұсыныстарым туралы айтып жатырмын, өйткені осындай нақты іс-шаралардан әрбір мемлекеттің жетістіктері қалыптасады. Мен де өз елім үлкен жетістіктерге жеткенін қалаймын, сондықтан ұсыныстарды айтып жатырмын. Әрине мен экономист болғандықтан ең біріншіден экономикаға көңіл бөлемін, өйткені экономика мемлекеттің негізі, экономика қарқынды дамитын болса, мемлекетте дамитын болады.
Тәуелсіздік өзіміздің егеменді экономикамызды құрып, оның ресурстарын еліміздің дамуына жұмсауға мүмкіндік тұғызды, дегенмен біздің зиялы қауым тәуелсіздік феноменін терең және түбегейлі ойластырып, содан кейін ғана оны көркем шығармаларында насихаттау керек.
Біздің зиялы қауымға тағы да бір ескерткі келіп отырғаным ұлтымыздың және Отанымыздың болашағын ұмытпауларын, батыл және ретті түрде мемлекетіміздің тәуелсіздік идеясын насихаттауларын өтінер едім, меніңше отандық зиялы қауым ата – бабаларымыздың және келешек ұрпағымыздың алдында өздерінің алдына қойылған міндеттерін және жауапкершіліктерін ұмытпағаны жөн деп ойлаймын. Қазіргі ғылыми – техникалық даму барысы жағдайында біздің зиялы қауымның алатын рөлі өте жоғары және ол сапалы жаңа мазмұн алуда. Осы кезеңде отандық зиялы қауым ұлттық мақсат-міндеттерімізді дұрыс түсініп, Отанымыз үшін өздерін де құрбан етуге даяр тұратында үлгілермен халқымызды осы мақсат-мүдделерге жетуге талпындырып отыруы керек.
Қазақстан Республикасының үкіметі отандық зиялы қауымға ілтипатпен қарап, өз тәжірибелерінде зиялы қауымның зияткерлік потенциалдарын кеңінен қолдану керек. Біздің қоғамымыздың алдында тұрған міндеттердің шешімі, менің ойымша отандық зиялы қауымның білімін, талабын, машықты қорытындыларын, зерттеулерін, ұсыныстарын кеңірек пайдалану керек.
Еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін күшейту үшін, біздің зиялы қауымның зияткерлік потенциалын біздің қоғамымыздағы конструктивті күштерінің мобилизациялау факторы ретінде пайдаланғаны жөн. Мен бұл тарапта еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіне бағытталған Мұхтар Шаханов ағамыздың шығармашылығын биік бағалаймын. Біздің зиялы қауымның басты мақсаты ұлттық құндылықтарды, мемлекеттік тілімізді, отбасылық және рухани құндылықтарды, азаматтықты тәрбиелеуді, мемлекетімізге және халқымызға рухани жағынан дамуына көмектесетін құндылықтарды насихаттау болу керек. Әсіресе біздің зиялы қауым өздерінің мақалалары мен шығармашылықтарында әлеуметтік кемшіліктер мен еліміздің азаттығына зиян келтіретін құбылыстарды айрықша айтып көрсете білуі керек деп ойлаймын.
2015 жылы Абай Құнанбаев атамыздың туғанына 170 жыл толады, сондықтан қазақ әдебиетінің кемеңгері Абай Құнанбаевтың туғанына 170-жылдығына арналған Республикалық конференция өткізу керек деп ойлаймын, отандық зиялы қауым қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау керек.
Әдебиет – бұл азаматтық рух қалыптастыратын субстанция, бұл қоғамымыздың рухани тәрбиесінде үлкен рөл алады. Ол шындықтың көркем кейіптеуі болып табылады. Тәуелсіздік дәуірі қазіргі қазақ әдебиеті үшін жаңа мерзім болып табылады.
Тәуелсіздік отандық әдебиетшілерге ерекше жауапкершілік артады. Меніңше мемлекеттік тәуелсіздіктің идеяларын дұрыс кейіптеу қазіргі Қазақстанның әдебиетінің ең маңызды міндеті болуы керек. Біздің жазушыларымыз өз оқырмандарына тәуелсіздіктің ең қымбат байлық екенін және мемлекеттік пен егемендікті сақтап және күшейту әр Қазақстан азаматының Отан алдындағы борышы екенін жеткізу керек. Осыған байланысты, мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық бірлік, мемлекеттіктің күшейтуінің идеяларды насихаттау қазақ әдебиетшілерінің қасиетті міндеті болу керек деп білемін. Сондықтан біздің әдебиетшілеріміз өз шығармашылықтарына Отан және отаншылдық тақырыптарын негізге алу керек. Біздің әдебиетшілерімізге жастарды тәрбиелеуде отаншылдық және отан сүйгіштікті насихаттап, болашақта олар еліміздің азаттығы мен тәуелсіздік туын биік ұстай алатындай болуы керек. Отандық зиялы қауым өкілдері жанұяда, жанұяға қатысты тағы басқа мәселелер туралы, балаусадай ұйып отырған жанұялардың ыдырауына салыстырмалы отбасылық өмір туралы, зорлыққа деген көзқарастары туралы өз пікірлер білдіруі керек. Сонымен қатар олар өздерінің шығармаларында және өлеңдерінде, әндерінде отбысылық құндылықтарды, бала тәрбиесіндегі ана рөлін, жалпы қоғамдағы әйел еңбегін мадақтап жырлай отыра, қыздарымыздың белсенді және жаңашыл рөлін, ана, әйел, қыз және олардың таза жаратылыс қалыпын жырлай білуі керек.
2015 жыл қазақ хандығының 550 жылдығы болып келеді, осыған байланысты біздің әдебиетшілеріміз және жазушыларымыз тарихи мұраларымызға көңіл бөлуі керек.
Менің ойымша, отандық зиялы қауымның шығармалары, өлеңдері, поэмалары, кітаптары, мақалалары, очерктері жастарды отанымыздың тарихын сыйлауға оған сүйіспеншілікпен қарауға үйрету керек деп ойлаймын.
Егер де еліміздің тарихына үңіле қарасақ, біздің бабаларымыз әрқашанда азаттық пен егемендікке талпынған, мемлекетіміздің беделді болуына өз күштерін қосқан және де өз ұрпақтарына өздерінің даңқты істерін лайықты жалғастырушы болуды талап етеді, сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында ешқандай баламаның қажеті жоқ.
Менің ойымша, отандық зиялы қауым біздің сұрақтар мен талаптарға ғана жауап бермей, басқа да шетел мемлекеттерінің тәжірибесіне де көңіл бөліп ауқаттануы қажет. Менің айтқым келетіні: шетелдік әдебиетшілермен зияткерлік пікір алмасуды қалыптастыру, ең алдымен ресей, беларуссия, тәжікiстан, армения әдебиетшілерімен, олардың шығармаларына әдеби – шығармашылық аудармалар жасау арқылы, Ұлы отан соғысының 70 жылдығына арналған бірлескен әдеби шаралар өткізу арқылы қарым-қатынас қалыптастыру. Осылайша біздің әдебиетшілеріміз халықтар арасындағы достықты нығайтуға өз үлестерін қосады.
Келешекте сіз бен біз жаңа жетістіктерге жететінімізге, өз еліміз Қазақстанды өркениетті, гүлденген, озық елдер қатарына алып шығатынымызға кәміл сенемін.
Біздің отанымыз Қазақстанда әрқашанда махаббат пен адалдық, бауырластық пен достық өркендесін және еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болсын!.

Досымқұлов Рүстем Мүсілімәліұлы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика