«Ұлттық руханият және Қаз дауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2 февраля 2017

Конференция мынадай секциялар аясында өтеді:

  1. Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты
  2. Шешендік өнер және тіл мәселесі
  3. Қаз дауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны

Қатысамын деушілер 2017 жылдың 15 наурызына дейін өтінішін, өзі туралы мәліметті, ғылыми мақаласын ұйымдастыру комитетіне: langcenterkar@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу керек.

Анықтама телефондары: 8 (7212) 56-70-84, 56-74-76,

Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:

Баяндама негізгі мәтіндік редактор Microsoft Word 2007 арқылы жол арасы бір интервалмен 3-4 беттің көлемінде басылуы керек. Қаріп: “Times New Roman”, 14 кегль. Беттің параметрі: жоғары жағы – 2.5 см, басқалары – 2 см.

Мақалалар жинағын шығару ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады.

Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.

Конференцияға қатысушысының өтініш беру формасы:

Тегі, аты-жөні
Мекеме (жұмыс орнының толық атауы)
Облыс, қала/аудан
Лауазымы (қызметі)
Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы
индексімен)
Мекенжайы (үйдің мекенжайы, пошта
Байланыс телефоны
Электрондық мекенжайы (е-mail)
Баяндама тақырыбы
Секция атауы

Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика