Ұлттық қордың 22 млрд.долларына салынған бұғат шешілді

24 января 2018

2018 жылдың 23 қаңтары күні Амстердам қаласының соты ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық қор актифтеріне салынған бұғаттауды шешу туралы арызын қанағаттандырды. ҚР Әділет министрлігінің хабарлауынша, сот Ұлттық банк пен Әділет министрлігінің позициясымен келісіп, Ұлттық қор актифтеріне қолсұғылмайтыны туралы үкім шығарған.

«Нидерландының сот органдары бұған дейін Статидің осы актифтері бұғаттау туралы арызын кері қайтарған болатын. Стати бұл фактіні жасырып, сотты адастырмақ болған. Сот статиге қазақстандық тараптың сот шығындарын өтеу туралы үкім шығарды», — делінген ӘМ хабарламасында. 

Сонымен қатар, дәл осындай бұғаттау шарасы Белгьялық сот органдары тарапынан дал салынған.  Қазір ол бағытта жұмыстар жалғасуда. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика