Ұлт жоспарын жүзеге асыру басты міндетіміз

17 марта 2019

iБіздің еліміздің басты тарихи ерекшелігі алуан түрлі ұлттардың бірлік пен ынтымақта өмір сүруінде болып отыр. Халықтардың тілі, діні, ділі, ұлттық құрылымы мен тәлім-тәрбиесі және салт-дәстүрі бір-біріне ұқсас болмаса да ешқандай алауыздыққа жол берілмеуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылы жарық көрген Жаңа Ұлт Жоспары Қазақстан халқының бірлігін нығайту мен мемлекетті дамытуға бағытталған көлемді реформаларды жүзеге асыруды қарастырады. Ал Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрмен Қазақстан халқына жолдаған « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауы алдағы 2016 жылдың басты жоспарына айналды.
Жолдаудың әр сөйлемі еліміздің дамуы мен әлеуетін арттыруға бағытталған сенімді қадам. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өмір сүрген уақытта біз дініміз бен ұлтымыздың алшақтығына қарамастан басымыздан сантүрлі қиындықтарды өткердік. Әйтсе де сол қиындықтардың арқасында нығайып, күш жинадық.
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдаған « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауында экономикалық өсім, экономикалық тұрақтылықты сақтау, қоғам мен мемлекет және қоғамның барлық салаларын модернизациялау туралы айтады. Бұл жетістіктерге ғылымның, заманауи ғылыми зерттеулер мен ашулардың үздіксіз дамуынсыз жету мүмкін емес. Ширек ғасырға жуық уақыт бойына созылған тәуелсіздік тарихымызда бізді алға қарай жетелейтін модернизациялық үдерістің басты ұстанымы – эволюциялық және кешенділік болмақ.
Елбасы жолдауы мен «Бес интитутционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда журналистер қауымына да үлкен міндет жүктеліп отыр. Себебі билік пен халық арасындағы алтын көпір – журналистер.
Елбасы саясатын халыққа кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, біз еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосамыз. Осы ретте Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасы айтарлықтай жұмыстар атқаруды. Болашақ журналистерге дұрыс әрі сапалы білім беру арқылы ұстаздарымыз біздің бәсекеге қабілетті маман болып шығуымызға ықпал етеді. Біздің білімді болуымыз, ақпаратты дұрыс тарату мен идеологиялық, мәдени-ағартушылық функцияларды дұрыс атқаруымыз Қазақстанның Тәуелсіздігі мен ақпараттық қауіпсіздігінің кепілдігі бола алады.

Асыл Қайырқызы
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Журналистика кафедрасының 3 курс студенті


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика