Үлкен қала аз уақытта жердегі тозаққа айналуы мүмкін

29 мая 2017

Үндістанның Бангалор қаласы 2025 жылы ешбір тіршілік иесі тұра алмайтын қаңыраған мекенге айналады деп болжануда. Қаланың улы қалдықтармен ластанғаны соншалық – осындағы көлдер өздігінен отқа оранып жатады, — деп хабарлады «Жас Алаш«

Ғылыми-зерттеу институтының мамандары қалдықтарды заңсыз түрде ағын суларға тастаудың зардабы орасан зор апат әкелетінін айтып дабыл қағуда. Бұл жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, көл атаулының да жойылуына ықпал етуде. Ғалымдар қала көлдеріне күнделікті лайланған ағын судың 400-600 млн литрі ағызылатынын анықтаған. Бұл оттың тұтануына қолайлы жағдай тудырады. Күнде мыңдаған балық қырылып жатады. Кезінде «көлді қала» атанған Бангалор енді «тозақ мекені» деген қорқынышты атауға ие болды. Бұл өңірде өрт соңғы рет ақпанда тұтанған. Оның жалыны 12 сағат бойы сөнбей тұрыпты.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика