Үкімет Перуашевтің ұсынысына жауап берді

20 апреля 2017

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жатақханалар салу туралы ұсынысына қатысты «ҚазАқпарат» ХАА ресми сұранысына  ҚР Инвестиция және даму министрлігі жауап берді, — деп хабарлайды Qasym.kz.

Азат Перуаев

Көрнекі сурет Арман Шораевтің Инстаграм парақшасынан алынды

» Әжетхана мен асүйі жоқ жобаларға келсек, мұндай ғимараттардың дені негізгі санитарлық талаптарға (дәліздер, әжетханалар, жуыну бөлмелері, асүйлер) сай келмейді», – деп хабарлады вице-министр Роман Скляр.

Әйтсе де, елімізде мұндай  жатақханалардың құрылысы Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша студенттерге және жұмыс істеп жүрген жастарға арнап салынып жатыр екен. Олардың дені негізінен МЖС арқылы салынуда. Жергілікті атқарушы органдар мұндай жатақханаларды жергілікті бюджет қаражатына немесе МЖС принципі бойынша сала алады.

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің хабарлауынша, мұндай жатақханаларды «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салу қарастырылмаған.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика