Twitter-дің өз телеарнасы болады

2 мая 2017

Twitter әлеуметтік желісі Bloomberg Media компаниясымен бірлесіп, тәулік бойы жаңалық тарататын телеарна сервисін жасап шықпақ. Қазір әлеуметтік желідегі онлайн-телеарнаның жобасы дайындалған. Оны ағымдағы жылдың күз айында қосады деп жоспарлануда. Телеарнада  Twitter компаниясның өз өнімдері мен қолданушылардың тексерілген видеолары көрсетіледі, — деп хабарлайды Qasym.kz

 Bloomberg Media компаниясының атқарушы директоры  Джастин Смиттің (Justin Smith) айтуынша, адамдардың көпшілігі жаңалықты телеарнадан көріп, артынша әлеуметтік желіде талқыға салады. Ал компанияның мақсаты осы әрекетті біріктіріп, көрермендерге жаңалықты бірден талқылап отыруға мүмкіндік беру.

«Біз телевидение үшін ақша төлемейтін және кез-келген жерде телеарнаны көре алатын аудиторияны қамти аламыз деп үміттенеміз. Бұл ретте  Bloomberg — біздің ең сенімді серіктесіміз болады», -деді  Twitter қаржы директоры  Энтони Ното (Anthony Noto).

Қос компания өкілдері келісімнің қаржылық жағын ашып айтпады. Бірақ  Bloomberg компаниясы арнаның қаржыландыруын өз мойынына алады деген дерек бар. Бұдан бөлек, ол телеарнада жаңалықтармен қатар жарнама да көрсетілмек.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика