Тұрсынғали Алагөзов Баянның алғашқы махаббатымен кездесті

21 августа 2017

Кеше Баян Мақсатқызы өзінің туған жері Орал қаласында кітабының тұсаукересін жасады, — деп хабарлады Reactor

Продюсер кітабында өзінің Леша есімді алғашқы махаббаты туралы да жазған болатын. Баян Мақсатқызы оны жасөспірім кезінде Оралда жолықтырып, өлердей ғашық болған. Бірақ жігіт Баянға назар аудармаған. Лешаның өзін көзіне де ілмегеніне ыза болған Баян Мақсатқызы алдына биік мақсат қойып, танымалдылыққа ұмтылады. «Махаббат бекеті» атты алғашқы фильмге түсуіне де осы жауапсыз махаббаты итермелеген.
 
Кеше Оралда өткен тұсаукесерге продюсердің дәл сол алғашқы махаббаты да келіпті. Тіпті қазіргі сүйіктісі Тұрсынғалимен танысыпты. Екеуінің суретін желідегі парақшасына Баян Мақсатқызының өзі салып: «Міне Лёшка. Бәрібір келді»-деп жазған.  

Дереккөз: Reactor


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика