Түрмеде отырған генерал бұрынғы әріптестерінің былығын ашпақ

5 мая 2017

Рақымшылыққа ілікпей қалған Жоламанов түрмеде отырып әшкерелеуші материалдарын жариялағалы жатыр. 11 жылға сотталған Шекара қызметінің экс-басшысы бұрын бірге жұмыс істеген  әріптестерінің бар былығын ашпақ. Тіпті деректерін тізіп Ақордаға жолдаған екен, — деп хабарлады КТК арнасы.

Жоламанов

-Ол бұрын да Президент әкімшілігіне хат жазған.  Шекара қызметінің жүйесінде кең етек алған қылмыс әрекеттерін, мемлекеттің қаржысы талан-таражға салынғанын жазған. Тіпті   лауазымды адамдардың аты-жөнін көрсеткен. Бірақ ол жабулы қазан күйде қалды. Таяуда мен кездесуге барғанда айтқан ол: «өз тарапынан арыз ресми әзірлеп жатырмын. Көп қылмыстардың бетін ашамын» деп, — Нұрлан Жоламановтың адвокаты Мұстахим Төлеев

Жоламановтың ашулануына себеп те жоқ емес. Өйткені, ол Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілікпей қалыпы. Сот зейнет жасына жеткен Шекара қызметінің экс-директорын амнистияға іліккендердің  тізіміне қоспаған. Енді ол соттың шешіміне қарсы қайта шағымданбақ.  Естеріңізге салсақ, Жоламанов 2014-ші жылы ұсталып, былтыр 11 жылға сотталған болатын. Лауазымды әскериге пара алды, қылмыстық топ құрды деген айыптар тағылған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика