Тұңғышбай Жаманқұлов ауруханаға түсіп қалды

5 мая 2017

Тұңғышбай Жаманқұловтың ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болды. Осы жағдайға байланысты сот отырысы 12 мамырға шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұңғышбай Жаманқұлов

Бүгінгі сот отырысында тараптар арасындағы жарыссөз басталуы тиіс еді, бірақ Жаманқұлов кеше ауруханаға түсіп қалғандықтан, оның қорғаушылары отырысты кейінге шегеруді сұрады. 

«Біз Жаманқұловсыз отырысты бастай алмаймыз. Егер ол келесі жолы келмесе, мен қамауда ұстау шарасына өзгертетін боламын. Осыны оған жеткізіңіздер. Ол сотқа қатыса алады. Егер мен соттың оған қатысты қабылдаған шарасын өзгертсем, ол сол жерде (сотталушылар отыратын орын  – авт.ескертпесі) отыратын болады да, біз бұл істі аяқтаймыз», — деді сот төрағасы Тәкен Шәкіров.

 Қазіргі уақытта Жаманқұлов кепіл төлеп, бостандықта жүргенін айта кетейік. Келесі сот отырысы 12 мамырда сағат 11.00-де өтетін болды. Айта кетейік, тоғыз адамның үстінен іс қозғалып, сот өтіп жатыр. Оларға «Феникс» фильмін түсіруге 69 миллионға жуық бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика