Туған ұлын өлтірген ана сот үкімін күтіп отыр

12 марта 2018

Өз ұлын өлтірген қостанайлық сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

46 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлімі) бойынша қаралуда. Ведомствода мәлім етілгендей, оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында түнде болған.

«Күдікті әйел 25 жастағы ұлымен Жаңа жылды қарсы алып, ішімдік ішеді. Таңғы сағат 08:00 шамасында ұлы анасынан спирттік  ішімдік алатын ақша талап еткен. Өз кезегінде анасы қарсылық танытқан. Ашуланған ұлы анасын асхана шкафы тұрған жаққа итеріп жіберген», — делінген облыстық соттың хабарламасында.

Мұнан соң әйел үстелден пышақ алып, ұлын қорқытқан. Сондай-ақ, оң жақ қолына пышақ сұғып алған. Содан кейін кеуде тұсына пышақпен соққы жұмсады. Салдарынан ұлы оқиға орнында қаза болды.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика