Туған ұлын балталап өлтірген әке сотталды

18 Сәуір 2018

Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжалдан соң зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, отбасылық ұрыс-керістен соң 45 жастағы ер адам 76 жастағы анасын табамен бірнеше рет ұрған. Мұнан соң ол 78 жастағы әкесі Ш.-ға зәбір көрсетеді. Әкесі өзін қорғау мақсатында балғамен ұлының басына бірнеше соққы жұмсайды. Ауыр дене жарақаты салдарынан ұлы оқиға орнында көз жұмды.

«Жітіқара аудандық сотының шешімімен 1940 жылы туған Ш. ҚР ҚК 102-бабы бойынша айыпты деп танылды. Оған 1 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы уақыт аралағында сотталушыға пробациялық бақылау орнатылады», – делінген облыстық сот таратқан хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика