Туған қызын өлтіріп, артынша өзіне қол салған жігіттің соңғы хаты табылды

1 октября 2017

Мәскеу түбінде өзінің 13 жастағы туған қызын тұншықтырып өлтіріп, артынша өзіне қол салған Максим Шевченконың соңғы хаты табылды. Хатта ол өз анасынан кешірім сұрап, бұл әрекетке неге барғанын түсіндірген.

Фото: © РИА Новости/Наталья Селиверстова

Полиция оның екі аудио жазбасын тауыпты. Алғашқысында Максим өзінің бұл қадамға қарызға белшесінен батып, тығырықтан шығар басқа жолды таппағандықтан барғанын хабарлайды. Әрі қызын жетім қалдырып, көрінгеннің қолында жәутеңдеп жүргенін қаламағанын, сондықтан осындай қадамға барғанын айтыпты. Ал екінші хатта анасынан кешірім сұрап, өзінің жолы болмайтын ұл болудан шаршағанын жеткізеді және қызымен бірге жерлеуін өтінген.
Қазір аталмыш дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика