Туған анасынан таяқ жеген сәби есін жиды

26 мая 2017

Осыдан бірнеше күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында сұмдық жағдай орын алды. 1986 жылы дүниеге келген әйел өзінің туған ұлын аяусыз сабап, өлімші хәлге түсірген. Анасынан таяқ жеген сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлер оның алдағы уақытта мүгедек болып қалуы мүмкіндігін айтқан болатын. Бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан сәбидің беті қазір бері қарап, есін жиған.

 

«Қазір сәбидің жағдайы жақсарып келеді. Көзін ашады, дыбыстарды  естиді және дәрігерлердің айтқанын орындайды. Қолын көтеріп, саусақтарын өздігінен қимылдата алады. Алдағы уақытта ол жансақтау бөлімінде бола тұрады, әрі қарай не істейтіндігімізді тағы көре жатамыз», — деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұқабаев.

Еске салайық, 1986 жылғы әйел өзінің жалғыз ұлын сабаған. Есінен танып қалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Әйел баланы құлап қалды деп айтқан. Алайда дәрігерлер баланың денесін қарағаннан кейін оған соққы жасалғанын анықтаған. Дәрігерлер полицияны шақыртқан. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика