Тракторшы жігіт тұрғындарды өрттен құтқарып қалды (видео)

1 июня 2017

Семей қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған «ГАЗель» автокөлігі өртеніп кетті. Үйдің қабырғасына жапсарлай қойылған автокөліктен шыққан жалын әп сәтте пәтерлерді де шарпитын еді. Алайда сол маңда жүрген трактор жүргізушінің арқасында тілсіз жаудың беті қайтты, — деп хабарлайды Qasym.kz.

Көлік өртенген сәтте пәтер иелері бірден бас сауғалап, далаға қашып шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше жалын пәтерлерді де шарпуы мүмкін еді. Алайда трактор жүргізушісі Орынбек Тұңғышбаев өзінің көлігімен жанып жатқан автокөлікті үйден алысқа қарай итеріп тастады. Осының арқасында тұрғындардың баспанасыз қалу қаупі сейілді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика