Тракторшы жігіт дәрігермін деп жұртты 500 мың долларға алдап кетті

26 апреля 2017

Өзбекстанда өзін дәрігер ретінде таныстырып, жалпақ жұртты алдап келген тракторшы жігіт сегіз жылға түрмеге қамалатын болды. Ол осы әрекеті арқылы жарты миллион долларға жуық қаражат тапқан. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының «Хукук» басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Бұхар облысына қарасты Алат ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын тракторшы жігіт Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы мамандары, психологтар және емшілер қауымдастығының  жасанды сертификатын сатып алған. Куәлікте Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі тарапынан берілген деген белгі болған. Осыдан соң туыстарымен бірге  медициналық қызмет көрсететін жекеменшік мекеме ашып, халықты емдеуге кіріседі.

 Тергеу дерегінше, бір жылдың ішінде жалған дәрігердің табысы 1,8 миллиард сумға (500 мың АҚШ доллары) жеткен.

Бұхар облыстық Қылмыстық соты Пулатовты сегіз жылға абақтыға қамау және алпыс мың доллар көлемінде айыппұл төлеу жазасына кесті. Оның сыбайластары да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика