Төрт жастағы қызды туған әкесі аяусыз пышақтап тастаған

14 августа 2017

Қарағанды облысында жантүршігерлік қылмыстық іс тіркелді. Облыстық балалар ауруханасында төрт жастағы сәбиге күрделі ота жасалды. Сәби бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған екен. Тергеу мәліметі бойынша, оны туған әкесі пышақтап тастаған.

қылмыс

БАХЫТЖАН КУДИЯРОВ, пресс-секретарь ДВД Карагандинской области:

– Полиция қызметкерлері  1978 жылғы ер адамды құрықтады. Бүгінгі таңда күдікті ауруханада жатыр, оның есігіне күзет қойылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол әйелімен жанжалдасып қалған. Артынша әйелін және қызын пышақтап тастаған, — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

Баланы ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізген. Дәрігерлер оның бірнеше жеріндегі жарақатты тігіп беріпті. Басты күдікті оның әкесі. Алайда қыздың өзі әкесін қорғап, өзін бейтаныс ер адамның пышақтағанын айтқан. Қазір оны ауруханадан шығарып, анасына табыстады. Ал әкесі әзірге бақылауда қалады.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика