Төрт айлық сәбиін жылу құбырына тастап кеткен көкек ана ізделуде

10 октября 2017

Елордада жылу құбырынан табылған нәрестенің ата-анасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астана қаласының Ішкі істер департаменті хабарлайды.

«Есенберлин көшесі 3-үйдегі жылу құбырынан 3-4 айлық ұл бала табылған. Нәресте ақ түсті түкті көрпеге оралған. Үстінде қошқыл жасыл түсті боди болған және ақ жаялыққа оралған. Астана қалалық Ішкі істер департаменті аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 119-бабы «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Оның барысында табылған сәбидің ата-анасын, сондай-ақ болған оқиғаның куәгерлерін анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері нәрестені Мамандандырылған балалар үйіне берді.  Осы оқиғаға қатысты кез келген ақпаратты білетін тұлғалар мына телефондар бойынша Астана қалалық Ішкі істер департаментіне хабарлауы қажет: 8 (7172) 71-66-11, 71-66-10, 71-66-49, 71-66-58, ұялы тел.: 8-747-580-71-78 немесе 102.  

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика