Томирис туралы ой

19 февраля 2018

Белгілі кинорежиссер Ақан Сатаев інім «Томирис» фильмін түсіруге дайындыққа кіріскен сияқты. Әйтеуір, ФБ- тағы көзі қарақты жігіттердің мәліметі осы. Ақанды өзімінің інім десем артық айтқандық емес, мен оқыған Қарағанды қаласының №2 мектеп-интернатында ол да оқыған. Талантты, талапты азаматтардың бірі.

Біздің кинорежиссер азаматтардың тарихқа немкұрайлы қарамайтыны қуантады. Бірақ жақсы, білімді киносценаристер жоқ па, білмедім, тарихи фильм қойса болды, тарихтан және тарихи этнографиядан шығандап кетеді. Көрермен ретінде «Көшпенділерді» де, «Жау жүрек мың баланы» да, кешегі «Қазақ хандығын» да қабылдай алмаймын. Тарихқа сәйкес келмейді, жүрекке әсер етпейді ! Енді «Томиристе» сол қателерді қайталайды-ау деп қыпылықтап отырған ?! Қазақ дейміз-ау, бірақ өз басым Томирис аңызының толық нұсқасын Иорданның «Гет елі туралы аңыз»(сказания о гетах) кітабынан оқыдым ! Гет (гот, герман) елінің аталары туралы баян 5-ші ғасырда, Каталауын соғысынан кейін жазылған. Иордан осы алапат соғысқа қатысқан адамдарды көрген, сөйлескен. Кітап эпикалық тілмен жазылған. Жаңағы айтқан Каталуын соғысында қан судай болып ақты, сол жердегі өзен суы қып-қызыл болды, жаралы жауынгерлер өзен жағасына келіп су орнына қан ішті дейді. Оңай ма екі жақтан 200 мың жауынгер өлген екен. Иордан әсіресе гот (гет) тайпаларына обал болды, бір жағы Ғұн патшасы Аттила жағында, бір жағы Рим қолбасшысы Аэций жағында соғысып, бірін-бірі қырды деп жылап отырып жазғаны байқалады. 
Иордан гет (гот) тайпаларын скиф дейді, яғни оның жазып отырғаны массагет аталатын сақтың батыс бөлігі. Олар дай (дах) қысымымен батысқа жылжығанда екіге бөлініп кетеді, бірі -ост гот, екіншісі -вест гот. Кейін ғұндармен қатты араласты да Еуропаны жаулап алды, жаңа мемлекеттердің негізін салды. Қазіргі Германияның өзі ХІХ ғасырдың ортасына дейін, яғни Бисмарк билікке келгенше 300 герман-гот тайпасының конфедерациясы болатын.
Енді келіп біз Томирис тақырыбына барған уақытта осы мәселелерді ескеруіміз керек қой. «Троя» мен «Спартак» сияқты болмаса да соған жете қабыл фильм жасауымыз керек. Шын мағынасында бұл фильм арқылы Еуропа көрерменіне шығуға болар еді. Әрине, массагеттер түгел батысқа көшкен жоқ, өз араларымызда да қалды, ендеше бұл тақырыпты қазақ тарихымен, этнографиясымен байланыстырып жіберсек нұр үстіне нұр. «Трояны» жасаған уақытта қазақтың киіз үйіне дейін көрсеткен жоқ па ? Біз де көрсетейік, қазақтың әдемі киім үлгілерін неге көрсетпеске ?! Қазіргі дайындық вариантындағы Томирис киімі маған түрпідей ! Тек қана археологиялық қазбалардан табылған дүниелерге сүйенген нашар мамандардың жасаған реконструкциясы ұнамайды !
Тағы бір маңызды мәселе, біздің режиссерлер одағай оқиғаларды, айқайлаған тұлғаларлды жақсы көреді. Олардың тасасында бұхара халықтың бейбіт тіршілігі бар, отбасы үшін таңның атысы, күннің батысы дем алмай шырылдаған ана, отбасым- отаным деп терін, қанын төккен әке бар. Шын мәнінде соғыстар, жаугершілік адамзат баласының бейбіт өмірін анда-санда тас талқан ететін сирек құбылыстар, оларға тым көп акцент жасауға болмайды. Егер біз Томиристі көзі қызарған жауынгер, батыр қатын ретінде суреттесек, ондай фильмдер мен әдебиет біздің қоғамда онсыз да өршіп кеткен әйел еркіндігін күшейтіп жіберетінін ескеру керек. Ал бұл деген қоғам үшін де, мемлекет үшін де катострофа. Біз мектеп жасындағы қыз балаларымызды қалай тәрбиелеп жатырмыз ? Кім дұрыс зерттеу жүргізді ? Кинодан көретіндері еркекбасты қатындар, мектепте көретіні жалғызбасты қатындар ! Мен әйел халқына қарсы емеспін, бірақ оларды жаппай батыр, жорықтас, жарты малтаны бюірге жейтін жолдас, еркекпен жекпе-жекке шығып жүрген күш иесі ретінде тым дәріптеуге қарсымын. Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмін түсіруге дайындықты бастады дегенде алдымен ойға келген осы мәселелер еді. Оқырман дұрыс қабылдайды деп сенемін !

Жамбыл Артықбаев

«Фейсбук» парақшасынан


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика