Толеранттылық және ұлтаралық мәдениет келбеті

21 Қараша 2017

16 қараша халықаралық толеранттылық (төзімділік) күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйытқы болуымен 1995 жылы декларация әзірленді. ЮНЕСКО-ның 28-ші конференциялық отырысында бұл бастама қаралып, құжат жүзінде мақұлданды. Міне содан бері толеранттылық күні үздіксіз кең ауқымда аталып келеді. Аталмыш мерекенің мақсаты да айқын. Толеранттылық – үлкен құндылық. Ол әлем елдерінің мәдениетіне құрмет көрсетіліп, адамгершілік қасиеттері мен кісілік келбетінің толеранттылық қағидасының сақталуы десе болады.

Маңызы зор дүниежүзілік айтулы күннен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ тысқары қалмады. Арнайы Ұлыбританиядан «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру» оқу бағдарламасы бойынша педагогикалық кадрларды ағылшын тілінен білім деңгейін көтеру мен әдістемесін оқыту бойынша келген әріптестер құрметіне мекеме ұжымының ұйытқы болуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Осы шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз: Англиядан Қазақстанға келген пәндік-тілдік курстарының тренерлері, ағылшындық әріптестерге Сарыарқа жерінің қонақжайлылығымен, дәстүр сарқынымен жақынырақ таныстыру болды. Халықаралық толеранттылық күніне орайластырылған ілкімді шара барысында шет елдік әріптестерге еліміздің ұлттық өнері мен мәдени келбетінің куәсі болды. Ынтымақтастық пен толеранттылық күніне орайластырылған концерттік бағдарламаның шымылдығы күмбірлеген күймен басталып, дәстүрлі әндермен ұлттық би және елімізде мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің өнерлерінде паш етті. Сондай-ақ біліктілік арттыру институты курсының тыңдаушылары да шығармашылық өнерлерін көрсетуде белсенділік танытты. Шетелдік қонақтарға еліміздің және әлем мәдениетінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен толеранттылық құндылықтарын бағалайтындығымызды, оның маңыздылығын бұзбайтындығымыздың көрінісін аңғарта білдік.

Серікхан Азамат Серікханұлы,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қоғаммен байланыс және баспа бөлімнің жетекші маманы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика