Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды өз көзімен көргенін айтты

3 Мамыр 2018

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды қайдан көргенін баяндап берді.
Аман Тасығанмен “Talk like” бағдарламасында сұхбаттасқан ғарышкер өзгепланеталықтарды көргенін айтты.

“Өзгепланеталықтардың бар екеніне сенем. Өйткені оларды өз көзіммен көргем. Бірде таңғы сағат алтыда далада тұрғанымда жап-жарық жұлдызды көрдім. Ол қыстүні болатын. Өзгепланеталықтар маған қарай жақындап келді. Жалғыз болғандықтан кейін басқаларға айтсаң, ешкім сенбейді. Қасымдағы үш жігітті ояттым. Олар да шығып қарады. Жарық бізге жақынап келді де, қайта көтеріліп кетті. Бізге айттап келді”, – деді ғарышкер.

Алайда Тоқтар Әубәкіровтің айтуынша, сол оқиғадан соң көп ұзамай қасындағы үш жігіт те жастайынан қаза болған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика