Төбелескен жігіттерді арашалаған әже марапатталды (видео)

19 сентября 2017

Оралдық полицейлер жаппай төбелескен жастарды ажыратқан әжені тапты. Бүгінде жетпіс бес жасқа жеткен Бақтығалы Ажмағамбетова күтпеген жерден батыр атанып, бағалы сыйлықтар мен алғыс хатқа ие болды. 

«Мен сол күні базарға барған болатынмын. Қайтып келе жатқанда жас балалардың бірін бірі қуалап бара жатқанын көрдім. Артынша олардың төбелесіп жатқанын түсіндім. Біреуі қолына кірпіш ұстап алыпты. Оған қойңындар деп ақыл айттым. Тыңдамады.  Сосын арашаға кірісіп кеттім», деді әже.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика