Тірідей өртенген жігіт аластау рәсімінің құрбаны болған

28 Наурыз 2017

Бүгін WhatsApp желісі арқылы тірідей өртенген жігіттің видеосы таралған болатын. Оқыс оқиға Атырау облысына қарасты Жылыой ауданында орын алған. Денесін от шарпыған азамат жан даусы шыға айқайлап, көше бойына жүгіріп шыққан жігітті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кейін бұл оқиғаның мән-жайы анықталды.

– Дүкен иесі ғимаратты адыраспанмен аластамақ болады. Рәсімді жүзеге асыру барысында каучуктан жасалған қоқыс жәшігіне шоқ түсіп, от тұтанады. Дүкен қожайыны жанған отты сыртқа алып шықпақ болғанда табалдырыққа сүрініп құлаған. Нәтижесінде от оның денесіне көшкен. Киімдері жана бастағанын көрген жігіт көшеге жүгіріп шығады. Кәугерлер отты сөндіруге жәрдем берді, – дейді Жылыой аудандық ТЖ басшысының міндетін атқарушы Ербол Қаралиев.

Зардап шеккен азаматты бірден аудандық ауруханаға жеткізген. Денесінің 20-30% күйік шалған жігіт қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша оның беті мен оң жақ бүйірі қатты күйіп қалған.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика