Тірідей көрге көмілген қызды құтқарып қалды (видео)

11 мая 2017

Үндістанның шығысындағы Говиндпур ауылында ер адам екі сағат бойы тірідей көміліп жатқан 19 жастағы қызын қабірден қазып алып, құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлады.

19 жастағы Хушбу Хатун жексенбі күні базардан үйіне қайтып бара жатқанда, оған үш ер адам тап берген. Олар қызды терең шұңқырға лақтырып, оны тірідей көміп кетіпті.

Хушбу үйіне қайтпағанын байқаған 43 жастағы әкесі Мухаммад Азим Ансари оны шарқ ұрып іздеуге кіріседі. Ақыры Ансари көрші жатқан шұңқырдың аяқ асты толып тұрғанын байқап, күдіктене бастайды.

Ол дереу сол шұңқырды қаза бастағанда, Хушбуды ес-түзсіз жатқан жерінен тапқан. Олар жабылып жүріп қызды әзер қазып алып шығады да, оны дереу емханаға жеткізеді.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде жергілікті бизнесмен Амит Шах пен оның екі сыбайласы іздестірілуде. Амит Ансариге тиесілі жерді тартып алуды көздеген екен. Ол осылайша сол жерге өз құрылысын бастағысы келген.

Алайда Ансари көнбегесін, ол қызын өлтіремін деп талай қоқан-лоққы көрсетіпті.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика