«Тіл әлемі» порталы ашылды

8 сентября 2016

Қазақ интернеті бірнеше сайттармен толықты. «Егемен Қазақстан» газетінің хабарлауынша, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеттерінің тапсырмасымен «Тіл әлемі» атты жаңа портал және ономастика саласына арналған – «аtau.kz», орфографияға арналған – «еmle.kz», сондай-ақ терминология бойынша «termincom.kz» сайттары іске қосылған."Тіл әлемі" порталы
Жаңа порталдың көмегіне тек қазақстандықтар ғана емес Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия және Еуропа елдерінде тұратын ұлт өкілдері жүгіне алады. Порталдың басты мақсаты — мемлекеттік тілдің ауқымды кеңістікте еркін самғауына, мәртебесінің көтерілуіне, тіл үйретудегі тиімді әдістердің бірігіп, игілікті жұмсалуына, әрбір оқырманның, қолданушының жеке парақшасы арқылы оңтайлы жұмыс жасауына жол ашу.
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асыловтың айтуынша, тілді насихаттау ешқашан маңызын жоймайтын тақырып.  «Бұл жоба аясында сіздер мемлекеттік тіл, сондай-ақ елімізде тұратын этнос тілдері туралы жаңалықтармен, тіл үйренуге арналған еңбектермен, еліміздегі тілдік ахуалмен, тілге қатысты ой-пікірлермен, аудио және бейне материалдармен, жалпы алғанда, еліміздегі тілдердің тыныс-тіршілігімен барынша толығырақ таныса аласыздар» дейді ол.

«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика