Террористер 83 баланы тірі бомба ретінде пайдаланған

23 августа 2017

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Боко харам» тобының содырлары теракті жасау үшін 83 баланы қолданған — бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Бұл туралы ЮНИСЕФ хабарлады.

 БҰҰ балалармен мұндай әрекетті ең қатыгез қылмыс деп атады.

«Балаларды террорист ретінде қолданудың басқа да салдары бар. Тұтқыннан босатылғандар немесе «Боко харамнан» өздігінен қашып шыққандар күдік пен қорқыныш ұялатады. Олар өз қауымына оралған кезде бөтенсірейді, ал бұл балалардың азапқа салынуына әкеп соқтырады», — деп мәлімдеді БҰҰ Балалар қорының баспасөз хатшысы Марикси Меркадо.

Қордың өкілдері террористердің қолында сәбиі бар қызға мина тағып жіберген оқиғасы туралы баяндады. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика