Теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатқа ие болды

3 ноября 2016

Теміржол стансалары қазақша атауға ие боладыТүрік Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік билік келген тұста: «Жер түрікше сөйлемей, ел түрікше сөйлемейді» деген екен. Оның бұл сөзі ұранға айналды. Осман империясы тұсында араптанып кеткен Түркияның жер-су атаулары толығымен түрік тіліне ауыстыралады. Көп ұзамай халық та арап тілінің ықпалынан ажырап, түрікше сөйлей бастайды. Ал бізде ше?

Күні кеше «Айқын» газетінің редакторы, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп жағымды жаңалықты жария етті. Азаттықтың алғашқы күнінен бастап жер-су атауларын қазақыландыру мәселесі көтеріліп келеді. Солардың ішіндегі ең елеулілері теміржол стансаларының әлі күнге дейін өзге тілде айтылуы еді. Тіпті қазақша атаулардың өзі орыс тілінде айтылып, жазылып келген болатын. Енді бұл мәселе өз шешімін таппақ. Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысының шешімі бойынша станса атаулары қазақшаланатын болды.
«Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды: Алма-Ата-1, Алма-Ата-2-нің орнына Алматы-1, Алматы-2 деп, Кустанай — Қостанай, Осакаровка — Сарыбел, Карьерная — Ортас, Семипалатинск — Семей, Талды-Курган — Талдықорған, Чимкент — Шымкент, Сары-агач — Сарыағаш, Джетісай — Жетісай, Джамбул — Тараз, Саксаульская — Сексеуіл, Казалинск — Қазалы, Джусалы — Жосалы, Тюратам — Төретам, Хор-хут — Қорқыт, Джалагаш — Жалағаш, Кзыл-Орда — Қызылорда, Соло-тобе — Сұлутөбе, Чиили — Шиелі, Тюмень-арык — Төменарық үлгісінде қайта жаңартылды. Жалпы стансалар бойынша 91 атау өзгертілді. Қалың ағайынға құтты болсын айтамыз!», — деп жазды «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп өзінің «фейсбук» парақшасында.

«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика