Телібеков Байзақоваға депутат болуды ұсынды

25 февраля 2018

Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телібеков Парламенттің үшінші палатасын құру туралы ой тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғам қайраткерінің сөзінше, қазақстандық саясаттанушылар тобы Қазақстан Парламентінде мәжіліс пен сенаттан бөлек үшінші палата құру жөнінде бастама көтерген. Үш палаталы Парламент әлемде теңдесі жоқ ерекше саяси құрал болады деп сенеді мамандар.

«№3 палатаға Айжан Байзақовадан бөлек, Баян Алагөзова, рэп орындаушысы Сайлаубек, Тұрсынғали Алагөзов, Төреғали Төреәлі, Айсәуле Бақытбек, Меруерт Түсіпбаева, Мақсат Үсенов, Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова және тағы басқа халық қалаулылары бар», – делінеді Мұрат Телібековтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үш палаталы Парламент жобасы іске асырылуын қолдау мақсатында Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телікбековтің қарауына тапсырылыпты. Қоғам қайраткері аталған жобаны мұқият зерттеп шығуға уәде берді.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика