Таразыдан жеген саудагердің әрекеті әшкере болып, масқарасы шықты (ВИДЕО)

26 марта 2018

Қарапайым халық азық-түлікті базарлардан алғанды ыңғайлы санайды. Бірақ Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мына бейнероликте тұтынушысын таразыдан алдаған саудагердің ерсі қылығы әшкере болды, — деп хабарлады sn.kz

Саудагердің әр қимылын бақылаған автор оның халықты қалай алдап жатқанын көрсеткен. Қапқа салынған картопты өлшеп жатып, бір аяғымен таразыны басып тұрған саудагердің «жеп жатқанын» тұтынушылардың ешқайсысы байқамайды. Шетте тұрып видеоға түсіріп тұрған автор болса «Адамдар қалай байқамайды?» деп таң қалып, енді базардан сауда жасағанда абай болуды ескертеді.


Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары «таразыдан жеген» саудагердің іс-әрекетін алаяқтыққа балап, жазасын беру керек деп сөкті.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика