«Тараз» фильмі толық нұсқада

18 Сәуір 2017

Қазақстандық режисер Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмінің ресми нұсқасы YouTube видео-хостингінде жарияланды. Бұл туралы режисер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды  Qasym.kz.

«Қымбатты достар! Сіздердің назарларыңызға «Тараз» криминальды драмасын ұсынамыз. Бұған дейін уәде еткеніміздей, біз фильмді тегін көру мүмкіндігін жасау үшін YouTube-қа жарияладық. Бұл фильм барлықтарыңызға арналады. Көріңіздер!», – деді Нұртас Адамбай.

Айта кетейік, «Тараз» фильмі 2016 жылдың қыркүйек айында   Лос-Анджелес қаласында өткен Genre Celebration Film Festival кинофестивалінде  «Үздік драмалық фильм» және «Үздік операторлық жұмыс» аталымдары бойынша жеңіске жеткен болатын.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика