Танымал журналист өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықты

28 Наурыз 2017

Қазақстан арнасындағы «Шетелдегі қазақ балалары» атты бағдарлама арқылы халық арасында кеңінен танымал болған журналист Жанар Байсемізова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықты. Бұл туралы оның әріптесі Зейнет Тұрарбекқызы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Шетелдік

«Жанар, жаным, сен үшін өте қатты қуаныштымын! Қосағыңмен қоса ағар! Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарыңыз орындала берсін. Жаңа өмір жолында серіктеріңіз сәттілік, жолдастарыңыз жақсылық болсын. Сен бақытты болуға лайықты жансын», – деп жазды ол.

Жанар ханымның жары украиналық азамат. Ұлты басқа болса да діні мұсылман екен. Некелері де шарихат заңына сай қиылған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика