Танымал әнші Димашты арнайы іздеп келген

16 марта 2017

Қытайлық танымал әнші Хан Хун «Singer 2017» байқауының келесі кезеңіне дайындық барысында Димашты арнайы іздеп келді.  Хан Хун мен Хуан Ийшан «Day Day UP» шоуының тұсірілімінен кейін Димашпен жолығуды ұйғарған. Олар қазақстандық әншіге өз алғыстарын білдіріп, әңгіме-дүкен құрған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Димаш

Хан Хун — 1971 жылы Қытайдың Тибет автономиялы өлкесінде дүниеге келген. Әкесі — қытай, шешесі — тибеттік. Танымал әскери әнші, жұлдыз, көптеген әндердің авторы, 2013 жылғы «I am singer» байқауының жеңімпазы. Қытайлық ірі музыкалық бәсекелердің бағалаушысы.

Айта кетейік, Хан Хунның ең беделді туындысы жетім баланың зарын суреттейтін «Таң атты» әні 2001 жылы жарыққа шыққан. Бұл ән көптеген сыйлықтарды жеңіп алған.

Қытайлық БАҚ-тарға берген сұхбатында Димаш Хан Хунды бұрыннан білетінін және «Таң атты» әнін алғаш рет 10 жасында естігені туралы айтып берген.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика