Сұрқия жыл

20 февраля 2019

Сұрқия жыл

 

 

 

 

 

Сұрқия жыл!У-шу етіп газетті,
Қырғын-сүргін сұмдық тағы кеп жетті.
Қан ағызу,кісі өлтіру ниеті
Ақырында мені әбден қажытты.
О,махаббат!Қайда сенің бар күшің?
Ақыл-сана!Қайда еңбегің.Жемісің?!
Жауыздық пен зомбылық той тойлап тұр,
Үстем етіп оқ пен найза,қылышын.
Мына сұм жыл,соғыс,жанжал ұрығын-
Екпек біздің ұрпаққа да күн бұрын,
Жиһанда жоқ жан саясы тыныштық үн,
Махаббат та,бостандық та жоқ бүгін.
Қайда болса кекті араздық,қорқақтық-
Сонда халық қанға жүзіп жүр малтып.
Көк күрсініп,уһілейді дүние;
Жалғыз-ақ сен,бақыт қызы әулие-
Поэзия,үндемейсің тіл қатып.
Амал қанша,даусың бүгін болды әлсіз!
Қаларсың сен болып жұртқа ұнамсыз,
Қараңғыда ағып түскен жұлдыздай,
Не жапанда солған гүлдей құнарсыз.
Аулақ,аулақ!Кесапатты шүбәлар,
Қалай сендер ойға келіп қалдыңдар?
Білемін құп,поэзияны ардақтар
Әлде болса талай отты жүрек бар!
Туғанда олар,тұр еді атып нажағай,
Сол нажағай қан ағызды дариядай,
Ол сүйкімді езгі жандар түршігіп,
Дауылдағы қорыққан құстай үрпиіп,
Қалды күтіп,жарық сәуле,жылы жай.

Н.А.Некрасов
Аударған Қасым Аманжолов


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика