СҰМДЫҚ! Жарты миллион оқушы қазақша білмейді

9 марта 2017

Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі әлі күнге дейін оң шешімін тапқан жоқ. Қайта өзектілігі арта түсті. Оған орыс мектебінде оқитын балалардың қазақ тілін білмеуі себеп. Ал Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болса, бұл мәселені шешу үшін тіл үйретудің жаңа әдістемесі енгізілетіндігін хабарлады.

  «Орыс мектептерінде 500 мың бала қазақ тілін он бір жыл оқыса да, сөйлемейді.  Оларды сөйлету керек. Қазірде жаңа әдістеме дайын. Жаңа оқу жылынан бастап оны пилоттық режімде мектептерге енгізе бастаймыз.  Тізімде 150 мектеп бар. Бәрі дұрыс болса, 2018-2019 оқу жылынан бастап әр мектепке енгіземіз», — деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, жаңа әдістеме бойынша балаларға тіл үйретуде теориялық оқу қысқартылып,   сөйлеуді дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл технологияны  әлемнің көптеген елдері қолдануда. Жемісті нәтижелері де бар екен.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика