СҰМДЫҚ! Тасқыннан зардап шеккендерге «үндемеуді» бұйырған кім?

23 апреля 2017

Қостанай облысына қарасты Зеленовка ауылының тұрғындары жергілікті әкімдіктің жұмысына наразылық танытуда.  Қарасу ауданының құрамына кіретін ауыл осымен екінші мәрте су астында қалып отыр. Алдымен сәуір айының 15-17 аралығында тұрғын үйлерге су кірген. Кейін   18 мен 19 сәуір күндері апат қайталанған. Бар мал-мүлкінен айырылып қалған тұрғындардың айтуынша, әкімдік өкілдері оларға апат туралы ешкімге айтпауға, ешқандай қоңырау шалмай «үндемей» отыруға бұйрық берген. Тұрғындардың жанайқайын жергілікті   «Наша газета» басылымының тілшілері естіп, көзбен көріп келіпті. 

Зеленовка ауылы тұрғындарының айтуынша, тасқын судың кеірінен 43  үйге су кірген. Олардың бесеуі қайта қалпына келтіруге келмейді. Қазір тұрғындар ауладағы қалдық су мен лай-батпақты тазартып әуреге түсуде.

«Апаттың болуына біздің өзімізді кінәлі қылып қойды. Айтуларынша, біз малдарымызды дер кезінде қауіпсіз аймаққа көшірмегенбіз. Бірақ олар тасқынған үш сағат қалған кезде ғана ескерту жасады. Бұрын соңды мұндай жағдайды көрмегендіктен сасып қалдық әрі қайда барарымызды білмедік. Менің үйім ортан беліне дейін суға батып кетті. Бір қабырғасы опырылып түсті. Қорадағы малым да ағып кетті. Ауданнан келген мал дәрігерінің айтуынша, біздің қолдағы малдарымыз сырғаланбағандықтан, олар үшін ешкім өтемақы төлемейді. Бірақ ол қалай сырғаланады? Бұзауларымыз жаңа туды, ал мал дәрігері ауылға жылына бір мәрте ғана келеді, – деді ауыл тұрғыны Андрей Максимов. 

Андрейдің үйін қалыпқа келтіру мүмкін емес. Сондықтан ол үйін құлатып, материалдарды қосалқы құрылысқа пайдалануды жоспарлап отыр. Әкімдік тарапынан көмек алудан күдерін үзіпті. Өйткені олар халыққа көмек қолын созудан бұрын, ауылдағы ахуалдың сыртқа шығып кетпеуіне көбірек алаңдайды екен

«Мен барлығын видеоға түсіріп, интернетке жүктеген болатынмын. Бірақ кейін оны бұғаттап тастады. Адамдарды қорқтып қойған. Ауыл әкімі келіп ешқайда арызданбауға, қоңырау шалмаға үгіттеп жүр. Ал мен олардан қорықпаймын, өйткені онсыз да барымнан айырылып отырмын», — деді тұрғын.

Зеленовка ауылы тұрғындарының тағы бір мәселесі, ауылда 20 сәуірден бастап телефон желісі жоғалып кеткен. Бұл да ауыл тұрғындарының жоғары жаққа шағымдануларына қолбайлау болып отыр екен.

«Әкімдік мүлдем жұмыс істемейді. Тек  бір машина құм алу үшін 30 мың теңге төлеу керек. Мен мұны әкімге де айттым! Әбден шаршадық»,  – деді тұрғын  Антонина Петрова.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын облыс әкімі  Архимед Мухамбетов су тасқыны аймағындағы шығынның 200 млн.теңге көлемінде екенін хабарлап, тұрғындарға келесі аптадан бастап өтемақы төленетіндігін хабарлаған болатын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика