СҰМДЫҚ! Мас шенеуніктер халықтың ашуын туғызды

28 марта 2017

мастарМемлекетік қызметтің абыройын қашырып, оның имиджі мен бейнесіне нұқсан келді. Оның берекесін қашырған — саунада мас күйінде төбелес шығарған шенеуніктер. 

Қарағанды облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Балқаштың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ә.С.-ға қатысты тәртіптік істі қарады.
Ә.С.-мен бірге саунада тағы «Балқаш­ Су»-дың бірнеше шенеунігі болған. Мемлекеттік қызметкерлер шомылып қана емес, сондай-ақ, ішімдік ішіп отырған. Осылайша, отырыс кезінде қызметкерлердің бірі соққыға жығылған. Іс материалдарына қарағанда, Әнуар Сәмиев саунадан мас күйінде шыққан. Содан кейін «Балқаш­ Су» басшысы соққыға жығылған қоластындағы қызметкеріне айғайлап, балағаттап, жұдырық ала жүгірген.
Зардап шеккен ер адам әрең дегенде саунадан аяқкиімсіз және сырт киімсіз жүгіріп шыққан. Сол күні жарақат алған қызметкер Балқаш қаласының Орталық қалалық ауруханасының ауруларды қабылдау бөлмесіне келген. Дәрігерлер оны тексеріп, жарақаттанған ер адам травматология бөліміне жатқызылған. Ал кейінірек зардап шеккен ер адам Жемқорлыққа қарсы күрес өкілдеріне және полицейлерге хабар берген.
Ал Ә.С. Әдеп жөніндегі кеңес өкілдерінің алдында кінәсін толықтай мойындамады. Ол ақталмақшы болған. Ә.С.-нің айтуынша, ол саунаға жұмыстан кейін барған. Алайда саунаның қонақтарды тіркеу кітабына қарасақ, мемлекеттік қызметкер онда сағат 15.30-да келген.

«Мен саунаға сағат 19.00-де келдім. Әкімдермен өткен есеп беру кездесуінен келе жаттым. «Балқаш Су» қызметкерлері ол кезде сонда болды. Мен алкогольдік ішімдіктерді ішкенімізді мойындаймын. Мен тек 3 рөмке іштім. Ешқандай төбелесті көрген жоқпын. Ерте кеттім. Мен кетіп бара жатқан кезде олар жақсы отырған. Мен төбелес болады деп ойламадым», — деді шенеунік. Іс материалдары толықтай Tengrinews.kz-те жарияланған.

Ал, әлеумет, жалпы желі қолданушылары шенеунікке сөгіс емес, айыппұл төлету керек еді деп жатыр. Ал кейбірі тіпті жұмыстан қуылуы керек деп есептеді.

«Не де болса аталған шенеуніктер халықтың ызасын тудырып қана қоймай, мемлекеттік қызметтің абыройын төкті»- дейді қоғам белсенділері.

Еркебұлан Шайжанов,
«Қасым-ақпарат».


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика