СҰМДЫҚ! Қарағандыда ерлі-зайыптылар тілсіз жаудың құрбаны болды

12 мая 2017

Қарағанды қаласындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде болған өрттен үш адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Qasym.kz

Тілсіз жау туралы хабар 11 мамырдан 12 мамырға қараған түні келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орынына дереу жетіп, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшірді. Өрт сөндіру барысында пәтерден үш адамның мәйті табылған. Олардың екеуі ерлі-зайыпты жандар. Үшінші азаматтың жасы 23-те.

Қазір аталмыш іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика