СҰМДЫҚ! Ерлі-зайыптылар екі жастағы қыздарын айуандықпен өлтірген

29 марта 2017

Өткен жылы Қарағанды облысында орын алған жаншошырлық қылмыстың жай-жапсары анықталды. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылардың екі жастағы қыздары жоғалып кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қыз баланы оның өгей әкесі өртеп жібергенін анықтады. Анасы оған еш қарсылқ көрсетпеге. Қайта қылмыстың ізін жасыруға жәрдем берген. 

Ақпан айындағы үскірік аяздардың бірінде ерлі-зайыптылар Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы Ағадыр ауылындағы қыстаудан қалаға қайтады. Олармен бірге ортақ некелерінен туған ер бала мен әйелдің бірінші некесінен туылған қыз бала болған. Отбасы үшелері қалада тұрақты баспаналары болмағандықтан қала маңындағы саяжайлардың біріне барып қоныстануды шешеді.
Саяжайға жаяулатып шыққан отбасы мүшелері орта жолға келген кезде ер азамат шаршағанын сылтауратып, баланы көтеріп жүруден бас тартады. Ерлі-зайыптылардың арасында кішігіріп жанжал туындайды. Осы кезде кішкентай қыз жылай бастаған. Бұған ашуланған еркек оның үстіне екі аяғымен секіреді. Жарақат салдарынан сәби оқиға орнында көз жұмады. Ал отбасы мүшелері мәйітті далаға тастап, сапарларын жалғастыра береді. Тек келесі күні ғана өзінің қандай қылмысқа барғанын түсінген ер азамат қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті өртеп жіберу туралы шешім қабылдайды. Мұның бәрі әйел адамның көз алдында болған. Алайда ол қандай да бір қарсылық көрсетпей, бәрін үнсіз қабылдайды.
Күдіктілер ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, яғни «көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамды өлтіру» бабымен қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Аталмыш іс бойынша сот отырысы ағымдағы жылдың сәуір айына белгіленген.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика