Сүйіктісіне тосын сый жасамақ болған жігіт ұятқа қалды

9 августа 2017

Павлодарда сүйген қызына тосын сый жасамақ болған жігіт ұятқа қалды. 25 жастағы жігіт қызының түн ішінде қолына бір бума гүл алып, сүйген қызының үйіне барған. Алайда қыздың пәтерінен қателесіп, бөгде адамның балконына түсіп кеткен. Абырой болғанда пәтер иелері жігіттің бұл қылығына түсіністікпен қарап, полиция шақырмаған.

Пәтер иесі 30 жастағы Дарья Иванованың айтуынша, түн ішінде оны балконнан шыққан шу оятқан екен. Әуелде ол балконында тұрған бөгде жігітті көрген таңданысын жасыра алмаған. Тіпті полиция шақыруды да ұмытып, оны ішке кіргізеді. Жігіт одан Нинаны шақырып беруді сұрайды. Артынша өзінің қателескенін біліп, қолындағы гүлді пәтер иесіне табыстаған. Ал Дарья болса оның қателігіне кешіріммен қарап,  үйден шығарып салады. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика