Студентті өлтірген жігіт сотталды

1 сентября 2017

Бурабайда студенттің өліміне қатысы болған жасөспірім сотталды. Облыстық соттың баспасөз қызметі Sputnik Казахстан хабарлағандай, Көкшетауда Бурабай куротында студентті пышақтаған 16-жасар жасөспірім сотталды. 

Істің материалдарына сәйкес, 7 сәуір күні Бурабай кентінде жалға алынған коттеджде жастар ата-аналарының бақылауымен туған күн мерекесін тойлап жатады. Түнгі сағат 23.00 оларға шақырусыз қонақтар келеді. Оларды сыртқа шығарғанмен арада жанжал туындайды. Байқаусызда күдікті Е. деген жасөспірім есікке соғылады. Шақырусыз келген жастар, ашуға булығып, ішімдік ішеді. Түнгі сағат үште мас болған олар коттедждегі балаларға сыртқа шығуды талап етеді. Кездесу Бурабай кентінің орамды жолының бойына белгіленіп, жаппай төбелес орын алған. Сол жерде Е. пышақ алып шығып, 18-жасар студенттің кеудесіне тығып алады. Нәтижесінде ол оқиға орнында жан тапсырады. Тағы да бір оқушы пышақтан алған жарақатпен ауруханаға жөнелтіледі. 

Полиция Шортандының тұрғындары 16 және 18 жасар екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында, ұсталғандардың жасы үлкені оқушыны жарақаттағаны үшін, бұзақылық бойынша айыпталды. Іс ымыраға келумен аяқталды. Ақмола облысы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 16-жасар Е. қылмыстық ісін қарастырып, оны ҚР ҚК 1-бөлімінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмысын мойындады. Сотталушы жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылып, қайтыс болған студенттің ата-анасына келтірген моральдық және материалдық зиян үшін 4 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл төледі.   


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика