Студент қыз өзін өлтіруден бұрын туыстарына sms жазған екен

2 июня 2017

Ақтөбе қаласындағы қайғылы оқиға орын алды. Әлия Молдағұлова даңғылындағы үйлердің бірінде пәтер жалдап тұратын 17 жастағы Назерке Нұрболатқызы түн ішінде балконнан секіріп кетіп, көз жұмды. Ол өзі қолжұмсардан бұрын туыстарына sms хабарлама жазып қалдырған, — деп хабарлайды Qasym.kz

суицид

Студент қыз жергілікті гуманитарлық колледжде білім алып жатқан. Ол құрбысымен бірге пәтер жалдап тұрыпты. Құрбысының айтуынша, Назерке мұндай қадамға барады деп ешкім ойламаған. Ол жақсы отбасында тәрбиеленген, ақжарқын қыз болыпты. Оқиға орын алған күні ол барлық туыстарына оларды жақсы көрететінін айтып хабарлама жіберген. Алайда ешкім қыздың аяқ астынан неге бұлай жасағанын түсінбейді. Мән бермейді. Соңы осындай қайғылы оқиғаға ұласып отыр. 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика