Сотталушыларды кездестірген түрме қызметкеріне үкім шығарылды

29 мая 2017

Бұл қоғам назарына ілінген факті сотталушыны тергеу оқшаулағышынан ауруханаға алып кетіп, патологияға байланысты түсік жасатқан кезінде анықталған. Бұл оқиға ға құқық қорғау органдары қызығушылық танытып, сотталған келіншекті тергеуге алған. Құқық қорғау органдары келіншекті тергеу нәтижесінде оның ерлер камерасында басқа сотталушымен жақындасып, соңы сол сотталушыдан екі қабат болып қалғандығын анықтаған. Олардың жүздесуіне тергеу оқшаулағышының жедел уәкілі қол ұшын созған. Көп ұзамай жүкті әйелдің ЖИТС-пен ауыратындығы белгілі болды.

Оқшаулағым уәкілі қамауға алынды. Әділет капитанына Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды.
Бірақ Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошева жедел уәкілді (АИТВ/ЖИТС) вирусын жұқтыруы бойынша тағылған жаладан ақтап алды. Судья сотталушының әйелдің диагнозынан хабарсыз екендігін алға тартып, оның дәрігерлік құпия болып табылатындығын және оны тек дәрігерлер білетіндігін мәлімдеді.

«Сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі мекемесінде 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», — деп мәлімдеді судья Жошева соттың үкімін. Сондай-ақ, сотталушы капитан дәрежесінен айырылды. Арнайы мекемені кездесу үйіне айналдырғаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бұйрығымен тергеу оқшаулағышы бастығы, орынбасары және басқа да қызметкерлерге сөгіс және қызметінен босату секілді шаралар қолданылды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика