Сот төрағасы Василий Нидің неге босатылғанын айтты

26 апреля 2017

«Қорғас» ШЫХО экс-президенті Василий Ни мен аталмыш компанияның  инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваға қатысты  қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы сот үкімі шықты. Бұл үкім қоғамда қызу талқыланып, жұрт бір жыл бұрын аса ірі көлемде пара алды деген айыппен тұтқындалған азаматтардың азаттыққа шығуының сырын білмей дал болуда.  Алматы қалалық  сотының төрағасы Ақжан Ештай бұл іске қатысты түсініктеме берді.

» Ни және Сайдуллаевтің ісі бойынша, мұнда қылмыс толық айықталмаған. Яғни күдіктілер қылмыс жасауға оқталған. Әрі кейін өз кінәларын толық мойындап, әрекеттері үшін өкініш білдірген. Бұл азаматтардың әрекетінен қоғамға зиян келтірілген жоқ. Сондықтан да прокурор сотқа күдіктілердің шын жүректен өкініш білдіргені және қылмысты ашуға көмек көсеткені сонымен қатар олардан зиян келмегін ескере отырып, қылмысты қысқарту туралы өтініш түсірген. Ал заңда егер айыпталушы өз ісіне өкінсе және оның әрекетінен жалал келмесе жауапкершіліктен босату қарастырылған. Осыған байланысты іс қысқартылды. Оған ешкім (жәбірленуші, прокурор, күдікті) наразылық білдірген жоқ», — деді  Ақжан Ештай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен студенттермен кездесуде.

Айта кетейік, бұған дейін Tengrinews.kz порталының ресми сауалына Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың берген жауабында сотталушылардың прокурордың өтініші бойынша және олардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан әрі сотталушы Сайдуллаева Махаббаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде («Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») жауапкершіліктен босатылғаны айтылған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика