Сөмкесінде «бомба» барын айтқан елшінің басы дауға қалды

2 мая 2017

Астана қаласындағы әуежайда Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки бірнеше сағатқа тұтқындалды. Ол Қазақстандағы қызмет уақыты аяқталған соң, еліне қайтып бара жатқан. 

Ауғаныстандық  “1TV” телеарнасының мәліметінше, Мохаммад Фарук Баракидің тұтқындалуына оның әуежайдағы сәтсіз әзілі себеп болған. Елшінің жол сөмкесін тексерген кеден қызметкері одан ішінде не барын сұрайды. Ал елші әзілдемек болып «Онда бомба бар» деп жауап берген. Осыдан соң дабыл белгісі іске қосылып, әуежайға кіретін есіктер шұғыл жабылды. Оқиға орнына 100 арнайы жасақ сарбаздары жіберілді. Ал елшінің қолына кісен салынып, тергеуге алды.

Даулы іске ҚР СІМ араласып, бұрынғы әріптестеріне қолдау көрсеткен соң барып тәртіп сақшылары Мохаммад Фарук Баракидің босатып, еліне қайтарған. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойынан алатындығын және әуежай қызметкерлерінің оның әзілін түсінбегендігін жеткізген. 

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика